20 жасыңызда Сіз не істедіңіз?
20 жасыңызда Сіз не істедіңіз?

Келгелі жиырма жыл мен өмірге,
Қызығын жиырманың көремін бе?
Кім білсін, жасай алмай енді бес жыл 
Жабығып жайбарақат өлемін бе?

Жиырма!
Қуанамын келгеніме!
Бірақ сен айналдырма ермегіңе. 
Аллама тәуба етейін әлде қалай... 
Ырзамын бұл өмірді бергеніңе.

Жиырма!
Тағы мені шиырласа,
Қайтемін еш қуаныш бұйырмаса?
Тез жойып оннан өткен қателікті,
Өмірді бастар ма екем жиырмаша...       Мұхаммедқали Мақатаев

Аллаберген АманАллаберген Аман
8 лет назад 6312
4 комментария
  • НАҒЫЗ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЙМАҚТАРЫ.
    8 лет назад
  • Қазақ халқының нағыз қаймақтары қайта жаңғырғанша әлі қанша уақыт керек екен?!
    8 лет назад
  • Шығамын тірі болсам адам болып,
    Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
    Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
    Жүргенше өмір сүріп надан болып?! (С. Торайғыров)
    8 лет назад
    • Мен балаң, жарық күннен сәуле қуған,
      Алуға, күнді барып, белді буған.
      Жұлдыз болып көмеймін елдің бетін.
      Болмасам толған айдай балқып туған.
      Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
      Ойында оты барлар асылық демес.
      Тебем деп, тірі болсам надандықты,
      Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.
      8 лет назад
О блоге
Прямой эфир